Қазақстан мен Мальдив арасында тұрақты әуе рейстері қатынайды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан мен Мальдив Республикасы арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база құрылды.
Бұған дейін елдер арасында құқықтық базаның болмауына байланысты тек чартерлік рейстер орындалған болатын.
Мальдив тарапынан құжатқа Көлік және азаматтық авиация министрі Айшат Нахула ханым, Қазақстан тарапынан Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қол қойды, - делінген мәліметте.
Қол қойылған құжат әрбір тарап үшін аптасына 7 тұрақты рейсті орындау мүмкіндігін көздейді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады