00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ажырасқан азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алмайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ажырасқан азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алмайды
ашық дереккөз

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардан «Толық емес отбасы» санаты алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info.

Оның орнына тізімге жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар енгізілді. Демек, ендігі кезекте бұл бағдарламаға көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар отбасылар және жетім балалар қатыса алады.

Жүргізілген мониторинг «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап әкімдіктерде «Толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72% - ға немесе 61,6 мың адамға артқанын көрсетті. Бұл ретте, әлеуметтік осал топтардың арасында толық емес отбасылардан шыққан кезекте тұрғандардың үлесі 36%, ал жалпы санынан - 23,8%-ды құрайды, бұл басқа кезекте тұрғандардың тең емес жағдайын тудырады. Мәселен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштердің 50%-дан астамы осы санаттан келіп түсті, оның 35%-ы жеңілдетілген қарыздар алды. 2022 жылы барлығы 32,4 мың өтінім берілді, оның ішінде толық емес отбасылар бойынша - 50,6 % (16,4 мың өтінім), көп балалы отбасылар бойынша - 39,1% (12,7 мың өтінім), мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бойынша - 10,1% (3,3 мың өтінім), - деп нақтылады Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол.