Елімізде IT мамандардың кәсіби мерекесі пайда болуы мүмкін
Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қаулысында көрсетілген, деп хабарлады Elorda.info.
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы еңбек нарығында сұранысқа ие болып отыр. Кәсіби мерекені енгізу – цифрлық трансформацияны жүргізетін мемлекеттік қызметшілер мен IT-нарығының қатысушылары үшін маңызды. Олардың саны 155 мыңнан асады. Алайда, осындай мереке болмағандықтан, цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты олар бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласынадағы өздерінің орынын сезінбейді. Сондықтан аталған кәсіби мерекені тізімге енгізу - корпоративтік мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал етеді, – деп жазылған қаулыда.