00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ДСМ сақтандыру бойынша АҚШ пен Жапонияның моделін қарастырып жатыр

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДСМ сақтандыру бойынша АҚШ пен Жапонияның моделін қарастырып жатыр
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың модельдері туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық практикада медицина қызметкерлерін қорғау үшін қорлар мен қауымдастықтар (Швеция, Канада, Дания) құру, сондай-ақ жеке нарықтар (АҚШ, Германия, Жапония, Түркия) арқылы кәсіптік жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесі қолданылады. Медицина қызметкерлеріне немесе денсаулық сақтау ұйымдарына арнайы заңмен немесе кәсіптік одақтар мен қауымдастықтардың нормативтік актілерімен өзінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру міндеті жүктелген. Кінәлі не кінәсіз болу жүйесін қолдану сақтандырудың негізгі критерийлері болып табылады, - деді А.Ғиният.

Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың оңтайлы тетігі ретінде Швеция, Канада, АҚШ, Жапония және Түркия модельдері бойынша бейімделген нарықтық сақтандыру моделін қолдануды ұсынды.

Ажар Ғиният министрліктің 2017 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дербес кепілдік беру қорын құру шеңберінде ынтымақтастық қағидаты бойынша сақтандырудың әлеуметтік моделін ұсынғанын еске салды (Мұнда жарна мөлшерін медициналық ұйым - 50%, медицина қызметкері - 50% деп бөлу). Алайда бұл заң жобасы қолдау таппай, қабылданбады. 

Алдыңғы жылдардың тәжірибесін ескере отырып, халықаралық тәжірибені талдаудың негізінде, сондай-ақ жұртшылықтың, мемлекеттік органдардың және сақтандыру компанияларының қатысуымен жүргізілген талқылаулардың қорытындылары бойынша жұмыс істеп тұрған сақтандыру компаниялары арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін жүктелген сақтандыру моделі қабылданды. Жұмыс беруші - медициналық ұйым сақтанушы болады, ал медицина қызметкерлерін лицензиялауды енгізу болашақта медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жауапкершілігін бөлуге мүмкіндік береді, - деді министр.

Осы модельге сәйкес шағымды қарауды медициналық ұйым медиация элементтерін қолданып, сондай-ақ бейінді медициналық қауымдастықтарды тарта отырып, ішкі аудит қызметінің деңгейінде жүзеге асыратын болады. Бұл кезеңде мәселе медициналық ұйымның өзінде реттелуі мүмкін.

Пациент қызметтің шешімімен келіспеген жағдайда шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілетін болады. Оң нәтиже шығарылған жағдайда шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына берілетін болады, - деді министр.

Ал төлемнен бас тартқан жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы.

Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған жағдайлар бойынша сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа жүгінген кезде төлем жүргізілмейді, - деді А. Ғиният.