00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент зейнетақы мөлшерін екі есеге өсіретінін айтты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент зейнетақы мөлшерін екі есеге өсіретінін айтты
ашық дереккөз

Қырғызстанда зейнетақы екі есеге өсетіні туралы ел президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Зейнетақы мөлшері 1 қазаннан бастап орта есеппен 1700-ден 3400 сомға (шамамен 10-нан 20 мың теңгеге дейін) дейін қосылады. Қырғызстандықтар үшін рекордты өсім болмақ.

Бұл қаражат қырғыз зейнеткерілері үшін мінсіз сома емес екен білеміз, бірақ бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай, азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін барлығын жасаймыз. Осыған дейін зейнетақы орта есеппен 200-300 сомға (1100-1700 теңге) артса, биыл рекордты өсім болмақ. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қырғызстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға және әл-ауқатын жақсартуға бағытталады, - деп жазды Жапаров Facebook парақшасында.