00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Министр жылыту маусымына дайын емес қала мен облыстарды атады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Министр жылыту маусымына дайын емес қала мен облыстарды атады
ашық дереккөз

Жаңадан құрылған облыстардың әкімдіктері инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындау бойынша шараларды күшейту қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Нұр-Сұлтан қаласында, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 25 нысан әзірге қысқа дайын емес, - деді Қ.Өскенбаев.

Министр халық арасында көмір сатып алу қарқынының төмен деңгейде болуы өзекті мәселе болып отырғанын айтты.

Разрездер мен қоймаларда көмір жеткілікті мөлшерде болуына, сондай-ақ мемлекеттік органның өткен жылғы отын құнын сақтап қалу шараларын қолданғанына қарамастан, қазіргі таңда халық тұтынатын көлемнің тек 31 пайызы ғана сатып алынды, - деді министр.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жылыту маусымының ойдағыдай өтуі үшін министрлік қосымша шаралар қабылдап жатыр.  Атап айтқанда:

– көмірді тасымалдау үшін «Қазақтеміртранс» АҚ вагондар паркін ұлғайту;

– биржа арқылы көмірді сату үлесін 50%-ға дейін арттыру, бұл өнімді делдалдарсыз сатып алуға мүмкіндік береді;

– көрші мемлекеттерге әлеуметтік көмір шығаруды шектеу.