Елордалық ҚХА өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдауды бастады
Қостанай облысындағы төтенше жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі (Б.Момышұлы, 24/9) өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау штабын ашты. Гуманитарлық көмек тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін, қираған үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталады.
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының тұрғындарына көмектесуді өзіміздің азаматтық парызымыз деп санаймыз, жерлестерімізді сауапты істе шет қалмауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырамыз. Біз ортақ игі іске өз үлесімізді қосуға дайынбыз! – делінген елордалық Ассамблеяның хабарламасында.
Гуманитарлық көмек (киім, азық-түлік, жеке гигиена құралдары, төсек-орын) жинау мәселелері бойынша үйлестірушіге телефон арқылы хабарласуға болады: + 7 702 481 20 38, +7 701 466 0345.