Мемлекет басшысы Дархан Қыдырәліні қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мемлекет басшысы Дархан Қыдырәліні қабылдады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық Түркі академиясының президенті Монғолияның Арханғай аймағы, Номғон жазығындағы ғылыми археологиялық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде табылған Құтлық Елтеріс қағанға арналған кешен мен жазулар туралы баяндады.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, бұл жазу тарихымызды, адамзат өркениетіне қосқан үлесімізді 50 жылға ілгерілетеді. Сондай-ақ Құтлық қағанның тұсында салынған салтанатты кешеннен таңбалар, түрлі артефактілер де табылған.

Кездесуде Түркі академиясының атқарып жатқан өзге жұмыстарымен қатар шығарған оқулықтары туралы да айтылды.

Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысына халықаралық академиядағы жұмысының аяқталып жатқанын жеткізді.