Өнер саласындағы ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Үкіметтің қолдауы аясында профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысы өсті. Бұл тұрғыда қазір 13-тен 16 жылға дейін еңбек өтілі бар профессор 267 754 теңге алса, 3,5 арттыру коэффициенті қолданылғанда ол 435 373 теңге алады, - деді комитет төрайымы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Роза Кәрібжанованың айтуынша, үш жылдық бюджет бекітілген.
Осындай еңбек өтілі бар доцентте 243 451 теңге жалақысы болса, енді 395 855 теңге алады. Мұнымен қоса, оқытушыда 210 767 теңге жалақысы болса, 342 711 теңгеге дейін өсті. алатын болады. Аталмыш енгізілген жағымды өзгерістер мәдениет саласының одан әрі өркендеуіне өз септігін тигізе отырып, өнер шыңында жаңа жетістіктерге жетуде мұрындық боларына кәміл сенеміз, - деді Р.Кәрібжанова.
Айта кетейік, елімізде Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты 10 оқу орны бар.