Турист теңізге түсу үшін Беларустан Ақтауға жаяу келген (ВИДЕО)
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Мұнайлы ауданы ПБ ППР аға қызмет инспекторы Ж.Таджибаев әдеттегідей өзіне белгіленген аумағында қызмет ету барысында түнгі мезгілде жол бойында отырған белгісіз ер адамды байқайды. Мән-жайды анықтау үшін полиция капитаны бірден азаматтың жанына барып, қандай көмек қажет екенін сұрады. Белгілі болғандай, ер адам Беларусь елінен Ақтау қаласына қарай теңізге түсу үшін жаяу жол тартқан. Осылайша орта жолда қаражат мәселесі туындап, қиындыққа ұшыраған, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.
Полицейлер туристке жедел көмек көрсетіп, оны қонақ үйге орналастырған. Кейін тамақтандырып, теңіз жағалауына жеткізіп тастады.
Беларустік саяхатшы полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізген.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады