00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ішіп алып, шегіп алып айта береді»: Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа жауап берді (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Ғани Атымтай Ғани Атымтай
«Ішіп алып, шегіп алып айта береді»: Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа жауап берді (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Қазір әр нәрсеге көңілі толмай, айғайлап шыққан адамдар популярный бола беретін заман ғой. Ринатты жек көрмеймін. Ал жалпы қарым-қатынасымызды білгілеріңіз келсе,  былай істейік. Менің ұнатпайтын нәрсем, біреудің біреуге жазған хатын, сөйлеген сөзін шығарып жатады ғой аманатқа қиянат жасап. Тексіздікпен. Біреудің біреуге айтқан сырын жарияға жар салып... Ал мынау ондай жағдай емес, мәжбүрлі түрде Ринат екеуміздің арамыздың қандай екенін көрсететін   бір нәрсені тыңдатайын, - деген ол Ринаттың өзіне айтқан аудиожазбасын қосты.

Онда Ринат «Аға, сізге айтарым бар еді. Кеңес сұрайтын, ақылдасатын шаруам бар еді. Қалай сөйлесе аламын? Ойымның түйіні мынау: қазақты қазаққа айтақтап қойып, неге осы бір-бірімізді бөліп жатыр деймін де. Ақынымызды, бәрімізді... Біз соның жетегінде жүрміз негізі. Мен оны өз басым мойындаймын. Соны өзіңізбен отырып, ақылдасайын деп едім. Қолдасаңыз», - деп айтады.

Сондай-ақ Бекболат Тілеухан әңгімесін ары қарай жалғады.

Әлгі кластас па, мектептес пе, сондай бір спортшы інім бар. Сол айтады: «аға, сіз көңіліңізге алмаңыз. Ринат ішіп алып, шегіп алып айта береді» дегеннен кейін бір жағынан кешіріп жүрдім. Саясаткер болам деген «хуйде» екенсің, - деген ол айтыскер ақынға ескерту жасады.

Мысалы, Қосановтың сатып кететінін сен білдің бе? Меніңше білген жоқсың деп ойлаймын. Енді, келіп маған бірдеңені таңасың. Әлде өзіңде күмән болды ма, бірдеңені білдің бе?

Бүгін құйысқаның көтеріліп жатыр, байқа, Ринатжан! Мен сияқты қазақтың қамына өмірін арнаған адамдардың етегіне жабысып атақ жинамайсың. Ал, мен сияқты адамды жыққанмен, кейін кезек сендейлерге кетіп қалады, - дейді Бекболат  Тілеухан.

Еске салсақ, бұған дейін Ринат Зайытов өз сұхбатында «Бекболат Тілеухан қаңтар оқиғасы болатынын алдын ала біліп, бізге айтпады» деп айыптаған болатын.

Ол (Бекболат Тілеухан) желтоқсан айында өз еркімен кетті. Оның кетуіне түтркі болған осы әңгімелердің шет жағасын білді деп ойлаймын. Бір жағы осыған қатыспайын деп кетіп қалған шығар. Өйткені осы уақытқа дейін солардың қасында жүргеннен кейін, оны да қатысуға мәжбүрлейтін еді. Айтпай кеткені өкпелетті. Біз де оған «аға» деп қарап отырдық. 104 депутаттың 103-і не десе де, біз ол кісіні тыңдайтын едік. Өйткені ұлттық өнердің адамы болғаннан кейін, біз онымен бір дастархан басында әңгімелескенбіз, оның айтқанына сенеміз, - деген еді Зайытов.