00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығы қанша пайызға артты

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығы қанша пайызға артты
ашық дереккөз

Соңғы жылдары ҚР зейнетақы қорындағы салымшылардың саны тұрақты өсуде.

Шоттардың көпшілігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған: 10,9 млн бірлік. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар саны 573,8 мың бірлікті құрап, бір жылда 9%-ға дерлік ұлғайды. ЖЗШ санының ең көп өсуі ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар бойынша байқалды: олардың саны жыл ішінде 6 есеге дерлік артып, 303,6 мың бірлікке жетті.

Салымшылар санының өсуіне байланысты көрсетілетін қызметтер саны да артып келеді. Соңғы жарты жылда БЖЗҚ 18,4 млн қызмет көрсетті.

Бұл ретте 12,6 млн операция электрондық форматта, 4,4 млн операция автоматты режимде жүргізілді. Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы қызметтерінің 93%-ға жуығын үйден немесе кеңседен шықпай-ақ қашықтықтан алды.  

Ең танымал қызмет-жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу. Соңғы  6 айда ЖЗШ-дан үзінді-көшірме 15,5 млн-нан астам рет берілді (бұл барлық жүргізілген операциялардың 84%-ы). 

Жылдан жылға елімізде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі қарқынды өсуде. 2021 жылы 6-74 жас аралығындағы дербес компьютерді, смартфонды, планшетті, ноутбукті, сондай-ақ стандартты бағдарламаларды пайдалану және интернет желісі арқылы қызметтер мен сервистерді алу дағдыларын меңгерген пайдаланушылардың үлесі 87,3%-ға жетті. 

Өңірлік бөліністе цифрлық сауаттылықтың ең жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан қаласы, сондай-ақ Алматы және Алматы облыстарының тұрғындары арасында байқалады.