00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ауылда интернет пайдаланушылардың үлесі қанша

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Ауылда интернет пайдаланушылардың үлесі қанша
ашық дереккөз

Ranking.kz мәліметінше, соңғы жарты жылда ҚР-дағы Ақпарат және байланыс саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 46,9 млрд теңгені құрады.

Қазақстанда 6 жастан бастап Интернетті пайдаланушылардың үлесі 2021 жылы барлық халықтың 90,9%-ын құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай жоғары: 2020 жылы — 85,9%, 2019 жылы — 81,9%. Жергілікті жер бөлінісінде алшақтық тек 3,4 п.т. дейін қысқарды.

Қалаларда желіні пайдаланушылардың үлесі 2020 жылғы 87,7%-дан 2021 жылы 92,2%-ға дейін, ал ауылдық жерлерде - 83,4%-дан 88,8%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіштер әлемдік орташа мәндерге қарағанда әлдеқайда жақсы.