eGov.kz жүйесінде ақау шықты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Құрметті пайдаланушылар! Қазіргі уақытта eGov.kz порталы компоненттері, Ашық үкімет порталының, eGov mobile мобильдік қoсымшасының және жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы қызметтерінің дұрыс жұмыс жасамауы байқалады. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз. Қазір аталған порталдардың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметтер жақын уақытта қалпына келтіріледі деп күтіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген eGov.kz Telegram-каналында.
Осыған байланысты Қазақстанның ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларында клиенттерді қабылдау уақытша тоқтатылды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады