Елімізде алдағы жылыту маусымына 9,5 млн тонна көмір қажет
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ол жылыту маусымына дайындық биыл наурыз айында басталып кеткенін айтты.
Министрлік облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 2022-2023 жылдарға арналған көмір қажеттілігі бойынша жоспар жасады. Болжам бойынша келер жылыту маусымында көмірді жалпы тұтыну көлемі шамамен 9,5 млн тоннаны құрайтын болады, - деді Жанат Игисинов.
Аталған жол картасы тапшылықты болдырмау мақсатында бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмірді алдын ала дайындауды көздеп отыр. Бүгінде құжат облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жолданған.
Сондай-ақ, жиын барысында ҚТЖ өкілдеріне коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халыққа көмір тасымалдауға арналған вагондарды бірінші кезекте қамтамасыз ету тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады