Былтыр 3,5 мың әке бала күтімі бойынша демалыс алған
Ол әкесі немесе анасы болуы мүмкін. Мұны ата-аналар өздері ақылдасып шешеді. Бұл төлем бала күтімімен нақты айналысатын ата-ананың біріне беріледі. Мысалы, отбасында бала дүниеге келіп, оған әкесі қараса, ол бұрын жұмыс істесе, оның әлеуметтік төлемді алуға мүмкіндігі бар, - деді Н.Кемел.
Жыл басынан бері бала күтіміне байланысты еңбек демалысына шыққан 60 мыңға жуық отбасыға әлеуметтік төлем тағайындалған. Оның орташа мөлшері 46 мың теңгені құрайды.
Былтыр 385 мың отбасыға 1 жасқа дейінгі бала күтімі үшін әлеуметтік төлем тағайындалды. Оның 3,5 мыңға жуығы ер адамдар. Олар бала күтімімен айналысамын, табысымнан айырылдым, 1 жыл бала қараймын, тиісті демалысымды рәсімдеймін деп шешім қабылдады. Біз оларға шектеу қойған жоқпыз. Оған дәлел ретінде былтыр әкелерге тайындалған 3 мыңнан аса әлеуметтік төлемді айтуға болады. 2021 жылы оның орташа мөлшері 38 мың теңге болды, - деді Н.Кемел.