Елімізде мигранттар саны 2 есе артты
Ranking.kz мәліметінше, елімізден 5,3 мың адам кетті. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,3%-ға аз. Қазақстаннан кеткендер санының азаюы үшінші жыл қатарынан байқалып отыр.
Өңірлік бөліністе азаматтардың басым бөлігі Қарағанды облысынан кетті: 681 адам. Анти-лидерлердің үштігінде Қостанай (645 адам) және Павлодар (643 адам) облыстары да бар. Ең аз азаматтар Қызылорда облысынан кетті: 2022 жылдың бірінші тоқсанында барлығы 1 адам, бір жыл бұрын 7 адам болған.
Келгендердің көпшілігі Маңғыстау облысында байқалды: 1,3 мың адам - бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 3,5 есе көп. Көшбасшылар үштігіне Алматы (595 адам) және Алматы облысы (401 адам) кірді. Келгендердің ең азы Қызылорда облысында тіркелді: 1 адам.
Елдер бөлінісінде ағымдағы жылдың үш айында ел азаматтарының көпшілігі Ресейге кетті: 4,1 мың адам — бір жыл бұрынғыға қарағанда 7%-ға аз. Эмиграция үшін танымал 5 елдің қатарына Германия (617 адам), Польша (125 адам), АҚШ (89 адам) және Беларусь (57 адам) кірді.
Сонымен қатар, Қазақстанға Өзбекстаннан ең көп иммигранттар келді: 2 мыңнан астам адам — бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 4 есе көп. Көшбасшылар үштігінде Ресей (810 адам) және Түрікменстан (218 адам) елдері бар. Топ-5 елдің қатарына Қырғызстан мен Қытай кірді.