00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтардың тек 32 пайызы өзінің қаржылық жағдайына қанағат етеді

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандықтардың тек 32 пайызы өзінің қаржылық жағдайына қанағат етеді
ашық дереккөз

Ranking.kz мәліметіне сәйкес, 2022 жылы ол небәрі 32,1%-ды құрады. Бұл ретте өзінің қаржылық жағдайына ішінара қанағаттанғандардың үлесі бір жыл ішінде 56,3%-дан 64%-ға дейін өсті. Өздерінің қаржылық жағдайына қанағаттанбаған респонденттердің үлесі бір жыл ішінде өзгерген жоқ (0,6%), ал сұралғандардың 3,3% жауап беруге қиналды.

Отбасының экономикалық жағдайына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі де бір жыл ішінде - 44,1 пайыздан 34,7 пайызға дейін қысқарды.

Жергілікті жер бөлінісінде өздерінің қаржылық жағдайына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі ауылдарда қалаларға қарағанда жоғары: 30,6 пайыз. Қанағаттанбағандардың үлесі қалаларда жоғары.

Ерлер арасында өздерінің қаржылық жағдайына толық қанағаттанғандардың үлесі әйелдерге қарағанда жоғары. Жұмыспен қамту мәртебесі бөлінісінде өзінің қаржылық жағдайына қанағаттанған респонденттердің ең көп үлесі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында байқалды.

Өзінің қаржылық жағдайына қанағаттанбағандар үшін жұмыссыздар арасында 2%-ды, жалданып жұмыс істейтіндер арасында 0,4%-ды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында 0,3%-ды құрады.