00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандықтар теледидарды жиі көреді – сараптама

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қазақстандықтар теледидарды жиі көреді – сараптама
ашық дереккөз

Ranking.kz мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 2,5% үй кинотеатры, 4,5% радиоқабылдағыш, 12,4% музыкалық орталық, 30,1% спутниктік антенна, 4,2% бейнекамера, 9,9% сандық фотоаппарат, 52,8% ноутбук, 19,3% планшет бар.

Ауылдық жерлерде ойын-сауық сипатындағы аталған тауарлардың ішінде радиоқабылдағыштармен қамтамасыз ету қалаларға қарағанда жоғары болды.  

2021 жылы елдің үй шаруашылықтары теледидарлармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілді: барлық өңірлерде қамтамасыз етілу 100% -ды құрады. Оған Ақмола, Қостанай (99,8% - дан) және Қарағанды (99%) облыстары жатпайды.

Үй кинотеатрлары көбіне Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында көп байқалды. Ал радиоқабылдағыштар Атырау облысы мен Шымкент қаласында көп тіркелді.

Музыкалық аспаптар, бейнекамера, фотоаппарат, ноутбук пен планшеттер көбіне Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарында болған.

Айта кетейік, биыл маусым айының қорытындысы бойынша теледидар 6,7%-ға, ноутбук 3,4%-ға, сымсыз құлаққаптар 3,1%-ға қымбаттады.