Жетісу облысында тұрғындардың судан уланып жатқаны рас па
Сарқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге судың мониторингін тұрақты негізде жүргізетінін хабарлаймыз.Соңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша судың микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері санитариялық нормаға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тұрғындар аудандық ауруханаға улану туралы шағымдарымен жүгінбегендерін хабарлаймыз, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті фейк ақпараттарға сенбеуге, тек ресми дерекккөздерден ақпаратты оқуға кеңес береді. Ал жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік тартылатынын ескертеді.