00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде ұн тағы да 3 пайызға қымбаттады

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Елімізде ұн тағы да 3 пайызға қымбаттады
ашық дереккөз

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлік бөліністе ұнның басым бөлігі дәстүрлі түрде Қостанай облысында өндірілді. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы жетекші өңірлердің үштігіне кірді.

Шығарылымның көп бөлігі ұсақ тартылған бидай ұнына тиесілі: 93,3% немесе 1,3 млн тонна. Мұндағы өндірістің жылдық өсімі 3,5%-ды құрады.

Оқи отырыңыз:Елордада ұн бағасы қалай өзгерді

Сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерін дайындау үшін 86,3 мың тонна қоспа, 4 мың тонна ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны, бидайдан басқа дәнді дақылдардан 2,7 мың тонна ұсақ тартылған ұн өндірілді.

Экспортқа 627,3 мың тонна ұн жіберілді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 34,6 пайызға артық. Ал ішкі нарықта сату бір жылда 18,1%-ға, 461,6 мың тоннаға дейін қысқарды.

Ағымдағы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 2,8%-ға, жыл басынан 26,7%-ға және бір жылда 33,1%-ға өсті. Бірінші сұрыпты ұнның бір келісі 214 тг, жоғары сұрыпты ұн – 332 тг құрады.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде жоғары сұрыпты ұнға ең жоғары баға Шымкентте (390 тг), Павлодарда ең төмен баға (213 тг) тіркелді. Бірінші сұрыпты ұн Конаев қаласында ең қымбат (270 тг), Петропавлда ең арзан (145 тг) болды.