00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бүгін – Құрбан айттың бірінші күні

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін – Құрбан айттың бірінші күні
ашық дереккөз

Бүгін басталған Құрбан айт мейрамы үш күнге созылады.

Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратып береді. Ислам түсінігі бойынша жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс. Сондай-ақ, мұсылмандар құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысқаны жөн.

Сондай-ақ, мереке кезінде Құрбан айт намазы оқылады.

Айта кетейік, әр өңірде намаз оқудың бекітілген уақыты бар.

Құрбан айт мейрамына тән міндет – Құрбан шалу.

Еске сала кетейік, құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар. Осы орайда қазақстандықтар Qurban2022.kz сайты арқылы өтінім бере отырып, онлайн режимде де құрбандық шала алады.