«Birgemiz» платформасында ҮЕҰ-дан ұсынымдар қабылдау жалғасып жатыр
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
ҮЕҰ өз ұсынымдарын қабылдау Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында жүргізіліп жатыр.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бірлескен жобасының аясында орталықтың ресми сайтында азаматтық сектор мен қоғам өкілдеріне әлеуметтік жобалар тақырыптарын қалыптастыруға қатысты өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін «Birgemiz» краудсорсингтік платформасы жұмыс істеуде.
Ұсыныстар осы жылдың 1 тамызына дейін қабылданады. Бұдан кейін халықтың сұранысына, мемлекеттік саясаттың басымдықтарына, заңнамалық және өзге де талаптарға сай ұсыныстар егжей-тегжейлі талдау жүргізу мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданатын болады.
Ұсыныстарды мына сілтеме арқылы жіберуге болады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады