00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі талқыланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі талқыланды
ашық дереккөз

 Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, партияның сайлауалды уәделерін іске асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізілуде.

Бұл – дербестендірілген қаржыландыру. Ваучерлік қаржыландырудың басты айырмашылығы – білім беру ұйымдарын таңдау құқығын және олардың қызметтеріне ақы төлеу үшін бюджет қаражатын тікелей ата-аналарға беру. Ата-ананың атына банкте шот ашылады, онда ай сайын мектепке дейінгі ұйымның қызметтерін төлеуге бюджет қаражаты аударылады, - деді вице-министр.

Кеңес мүшесі, «Қара шаңырақ» РҚБ төрағасы Баян Ахатай мысалы, дәріхана лицензиясыз ашылып, жұмыс істей алмаса, онда балабақша неге қалай болса солай ашылуы тиіс деген ойын ортаға салды.

Бүгінде бақылау органдарының ешқайсынан рұқсат алмай, жұмыс бастау жөнінде хабарлама бермей-ақ жұмысын жылдап жасап жатқан балабақшалар баршылық. Осындай бір балабақшаның басшысымен сөйлескенімде «балалар не жеп, не ішіп жатыр, қандай сабақтар өтуде – бізбен ешкімнің шаруасы жоқ» дей отырып, СЭС-тың рұқсатын 7-8 жылдан кейін алғанын алға тартты. СЭС қызметкерлерімен сөйлескенімде олар шағын және орта бизнес өкілдерін бақылап, тексере алмайтындарын, бірақ осындай балабақшалардың барын растады, - деді Баян Ахатай. 

Өз кезегінде кеңес мүшесі, «OYNA» балалық шақ институты» ҚБ төрағасы Гауһар Киикова мектепке дейінгі білім беру сапасын зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен, ең көп кездесетін проблемалардың бірі: пәндік-кеңістіктік ортаның жеткіліксіз жабдықталуы (ойыншықтар аз), оқу жоспарларында ойындарға бос уақыт қарастырылмаған, көбінесе гигиена ережелері, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттары сақталмайды.

«Әділет» республикалық орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова жекеменшік балабақшаларды қаржыландырудағы әділетсіздіктер туралы айтып берді.

Amanat партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Лариса Павловец тамақтану сапасын бақылау мәселесін қозғады.

Бұл Оқу-ағартудың министрлігінің функциясы бола ма әлде Денсаулық сақтау министрлігіне жүктеле ме? Оқу-тәрбие аспектісінен басқа, балалардың денсаулық жағдайын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Артық салмағы бар немесе салмағы жетпейтін, ерекше қажеттілігі бар балалар бар, ал тамақтану ескі тәсіл бойынша жалпылама ортақ үстел түрінде жүреді, - дейді халық қалаулысы.

Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда шамамен 1 млн бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар желісі 5 834 бірлікті құрайды, оларға 500 мыңға жуық бала барады. Ал 5 205 жекеменшік ұйымға 450 мың бала барады. Өткен жылы Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында еліміз бойынша 45,2 мың орындық 534 мектепке дейінгі ұйым ашылды. 

Сондай-ақ, жиын барысында партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев Кеңестің жаңа төрағасын таныстырды. Amanat Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Кеңеске Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова төрағалық етеді.