Қарақалпақстанда қазақстандықтарға арналған жедел штаб құрылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қарақалпақстан Республикасында орналасқан Қазақстан Республикасының азаматтарына көмек көрсету мәселелерін шешу үшін жедел штаб құрылғанын хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтары мына телефондар арқылы хабарласа алады: +9989 61 2248206, +9989 93 858644. Телефондар аптасына 7 күн, тәулік бойы жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеде Қарақалпақстандағы халық толқуларынан кейін ҚР ҰҚК Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы "Дәуіт-ата – Тәжен" адамдарды, көліктер мен тауарларды өткізу пунктінің жабылатынын хабарлаған болатын. Бұл шектеулер Қарақалпақстанда 3 шілдеден 2 тамызға дейін созылатын төтенше жағдайға байланысты енгізілген.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады