Facebook-те бейтаныс ер адаммен танысқан әйел 17 миллион теңгесінен айырылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бұл туралы қалалық Полиция департаменті Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.
Ведомство мәліметінше, жәбірленуші әйел полицияға алаяқ құрбаны болғаны туралы арызбен жүгінген. Айтуынша, Facebook әлеуметтік желісінде өзіне халықаралық компанияның атын жамылып жазған белгісіз азамат биржа нарығында оның ақшасын еселеп беруге уәде еткен. Бейтаныс адамға сеніп қалған тұрғын «бағдарламаға» қомақты қаржы салып, 17 миллион теңгеден астам шығынға батқан.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер күдіктілерді іздестіріп жатыр. Осы орайда Шымкент қалалық Полиция департаментің өкілдері бұл интернетте алаяқтық жасаудың жаңа түрі екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады