Елде 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Министрдің айтуынша, былтыр 166 телеарнаның ТОП-10-на алты қазақстандық телеарна кірген. Оның үшеуі мемлекеттік арналар екен. Сондай-ақ соңғы 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 3500-ден астам сериядан тұратын 250-ге жуық сериал түсіріліпті. Олардың 50-ге жуығы Ресей, Түркия, Сингапур, Өзбекстан және т.б. елдерге сатылған.
2020 жылдан бастап ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүрізіліп жатыр. Қазіргі уақытта журналистік қоғамдастықпен бірлесіп жұмыс тобы құрылды. Медиа сала мамандарын оқыту бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жоспар әзірленіп, 4 мыңнан астам журналист медициналық, экологиялық, діни және IT-салаларында оқыту курстарынан өтті, – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров.