00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні 20 м/с дейін жетіп, күн күркірейді.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 35-39 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Түнде Ақмола облысында найзағай, бұршақ, дауылды жел болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Абай облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с құрайды. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.

Түнде Қостанай облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 35-37 градус ыстық сақталады. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, жел соғады. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 26-27 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.