00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада полиция күні мерекеленді (фоторепортаж)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада полиция күні мерекеленді (фоторепортаж)
ашық дереккөз

Амфитеатрда өткен концертті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. 

Мерекелік концертті тамашалағандардың бірі – Нұржан Ибраев. Елорда тұрғыны орталық саябақта өткен концерттің ұнағанын айтады.

Иә, маған концерт ұнады. Бұл іс-шараның өтетіні жайында ақпаратты осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерден көрген едім. Содан бүгін достарымызбен жиналып, концерт көруге келдік.  Іс-шара елорда тұрғындары мен қала қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз, - деп өз пікірін білдірді елорда тұрғыны. 

«Әскери керней» фестивалінің Плац-концертінде әскери оркестрлер өнер көрсетті. 

Концертте  әртүрлі композициялар орындалды. 


Елордалықтар ашық аспан астында әндерді тыңдап көңіл-күйін көтерді.