00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қант импортына нөлдік баж қарашаға дейін ұзартылды

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қант импортына нөлдік баж қарашаға дейін ұзартылды
ашық дереккөз

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт  Сұлтановтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезектен тыс отырысында айтылды.

Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірқатар елдермен қанттың үлкен көлемін жеткізу туралы келісім сөздер жүргізіп жатырмыз. Ал қарашаға қарай қазақстандық зауыттардан да, ЕАЭО елдерінен де жаңа дақылға қызылша қантын жеткізу басталады,- деп түсіндірді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, Қазақстан АҚ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына квота көлемін ұлғайту туралы келісім сөздер жүргізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанның квотасы 2022 жылғы тамызға дейін нөлдік импорттық кеден бажымен 350 мың тонна ақ қант пен шикі құрғақ қантын құрайды.