00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бір жылда жаңа темір тұлпар саны 12 пайызға өсті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде бір жылда жаңа темір тұлпар саны 12 пайызға өсті
ашық дереккөз

Еліміздің жолдарында еске көліктер әлі де көп. Автопарктің жартысы - 20 жастан асқан көліктерден құралған.

Қазақстан жолдарында тіркелген жеңіл автомобильдердің саны жыл ішінде 1,9%-ға, биыл жыл басында 3,8 млн көлікке дейін қысқарды. Елдің автопаркін автомобильді бастапқы тіркеу үшін алым едәуір төмендеген, сондай-ақ утильалымын азайтқан немесе одан бас тартқан жағдайда жаңартуға болады деген болжамдар айтылды. Мысалы, үш жылға дейінгі автокөлік иелері үшін бастапқы тіркеу алымдары 50 АЕК-ті ғана құрайды, ол 153 мың теңгеден сәл асады. Сонымен қатар екі жылға дейінгі автомобильді тіркеу тек 0,25 АЕК-ті құрайды. Ал үш жылдан асқан авто үшін көрсеткіш 500 АЕК-ті құрайды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар утиль алым 50%-ға төмендеді, жаңа мөлшерлеме қозғалтқыш көлеміне байланысты 230 мыңнан 1,8 млн теңгеге дейін өзгеріп отырады.