Шілде айынан бастап учаскелік полицияның өкілеттіктері кеңейеді
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлімдеді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болғаны, темекі өнімдерін пайдаланғаны, әкімшілік қадағалауды бұзғаны және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін әкімшілік жаза қолдану жөніндегі өкілеттіктері кеңейді.
Бұл учаскелік инспекторға өз учаскесінде көбірек болуға және тұрғындармен алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Учаскелік инспектордың жұмысына ПИК, ЖИБ, жұртшылық өкілдерін профилактикаға тарту, сондай-ақ тұрғындармен әлеуметтік желілерде топтар құру үлкен демеу болды, соның арқасында азаматтар өз полицейлерін тани бастады, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Онда жазылғандай, Есіл ауданының учаскелік полиция инспекторлары жалпы 671 топқа тіркелген. Оның ішінде жеке сектордағы үйлерде тұратын 83 мыңнан астам азамат тіркелген 24 топ бар. WhatsApp мессенджері арқылы құқық бұзушылықтардың, бөтеннің мүлкін ұрлаудың, сондай-ақ интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттар тұрақты негізде орналастырылады.
Биылдыққа топтардағы тұрғындардан 482 хабарлама түсті. Азаматтар көбінесе тыныштықты бұзу, қоғамдық орындардың ластануы, иттерді серуендету және көлік құралдарын қою ережелерін бұзу мәселелерімен шағымданады. Учаскелік инспекторларға жедел және уақытылы көмек көрсеткені үшін алғыс айтатын тұрғындар мен қонақтар да көп. Инстаграм желісіндегі @police_esil_nur_sultan парақшасына жыл басынан бері халықтан 300-ден астам алғыс жазылған, - деп мәлімдеді департаменттен.