00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді
ашық дереккөз

Министрдің мәліметінше, еліміздегі демографиялық өзгерістер отандық еңбек нарығына өз әсерін тигізіп жатыр.

Бұл саладағы ең басты өзгеріс жұмыс күшінің жаңа буынының пайда болуынан туындап отыр. Қазір 2000 жылдардан кейін туған ұрпақ есейіп, ержетіп келеді. Жыл сайын 300 мыңнан астам жас еңбек нарығына қосылып жатыр, - деді Тамара Дүйсенова. 

Сондай-ақ ол жұмыс күшінің жаңа сапалы құрылымы қалыптасып жатқанын атап өтті. Айтуынша, еліміздегі жұмыс күшінің 60%-ы миллениалдар мен Z буыны. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 80%-ға жуықтайды.

Министр атап өткендей, бұл үрдіс жұмыспен қамту саясатын қайта қарауды көрсетіп отыр. Сонымен қатар азаматтарды жай жұмыспен қамтып қана қоймай, сапалы жұмыс беріп, халықтың табасын арттыру қажет деп есептейді.