00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

eGov.kz қызметтерін пайдаланушылардың саны азайған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
eGov.kz қызметтерін пайдаланушылардың саны азайған
ашық дереккөз

Елімізде цифрландырудың дамығанына қарамастан, бұл соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш болып отыр.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 30,8%-ды, 2019 жылы – 30,4%-ды, 2018 жылы – 34,6%-ды, 2017 жылы – 33,2%-ды құраған.

Өңірлер бойынша тоқталсақ, Қарағанды ​​облысының тұрғындары электронды мемлекеттік қызметтерді өте белсенді пайдаланған. Аталған облыстағы халықтың 43,1%-ы қызметтерді пайдаланған.

Үздік үштікке Алматы (пайдаланушылары 36,4%) және Шығыс Қазақстан (пайдаланушылары 35,7%) облыстары да кірді.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ең аз пайдаланатын өңір – Маңғыстау облысының тұрғындары. Сондай-ақ  Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы да осы қатарға енді.

eGov.kz сайтындағы ең танымал қызмет үкімет сайты арқылы ақпарат алу болды. Қолжанушылардың 22,3%-ы осы қызметті пайдаланған.