Референдумға қатысу деңгейі жоғары – Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы
Бұған дейін біз осы референдумға қатысты дайындық жұмыстарына байланысты ақпараттық кездесулерде болып қайттық. Бізге толығымен ақпарат берілді. Өз көзімізбен көріп, бақылап келдік. Қазір де осы «Астана Опера» балет театрына келіп отырмыз. Референдумға байланысты толығымен жақсы дайындық жасалғанын, сондай-ақ барлық жағынан дайын екенін өзіміз көріп отырмыз. Осы уақытқа дейін біз мына жерде бақылап тұрмыз. Референдумға қатысу деңгейі жоғары екенін көріп отырмыз. Көріп тұрғанымыздай барлығы жүйелі түрде белгілі бір тәртіппен жақсы өтіп жатыр. Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу, бұл – өте маңызды нәрсе. Сондықтан да бұл республикалық референдумның Қазақстан еліне, халқына игілікке жол бастайды деп сенеміз, - деді Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Мухаррем Аккая.