00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде маусым айында 2%-дық ипотекаға өтінім қабылдау басталады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде маусым айында 2%-дық ипотекаға өтінім қабылдау басталады
ашық дереккөз

Отбасы банкі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңілдетілген бағдарламаға қалалар мен өңірлердің әкімдіктерінде үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтардың мына санаттары қатыса алады: 

- көпбалалы отбасы;

- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;

- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).

Айта кету керек, «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушыларына қарыз сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда жылдық 2% мөлшерлеме бойынша қарыздар берілетін болады. Қарыз мерзімі – 20 жылға дейін. Жеңілдікті ипотекалық бағдарламаның көмегімен жергілікті әкімдіктер желісі бойынша салынған кредиттік тұрғын үйді немесе кандидаттың таңдауы бойынша кез келген басқа тұрғын үйді (бастапқы, қайталама нарықтағы) сатып алуға болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында – 15 миллион теңгеге дейін, басқа өңірлерде – 10 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Жылжымайтын мүлік қарыз алушы тұрғын үй кезегінде тұрған өңірде сатып алынуға тиіс.