Жалған банк қызметкерлері ұсталды (ВИДЕО)
Алаяқтар өздерін әртүрлі қазақстандық банктердің қызметкері ретінде таныстырып, халықты алдап кеткен. Бір аптаның ішінде полицейлер қылмыскерлерді бірден үш қалада ұстады.
Қарағанды қаласының полициясы мен қаржы ұйымдарының өздерін күзет және ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған тұлғалардың алаяқтық әрекеттерінің күшейгені туралы ескертулеріне қарамастан, біздің азаматтарымыз бейтаныс есепшоттарға қыруар қаржы аударуды жалғастыруда, – делінген хабарламада.
Мәселен, 6 мамырда Старогородская полиция бөліміне Теміртау қаласының 38 жастағы тұрғыны хабарласып, 13 күн бойы оған Қазақстандағы банктердің бірінің қызметкері қоңырау шалғанын айтқан. Ер адамның жинаған ақшасын сақтаймын деген желеумен алаяқ 11 миллион теңгеге жуық ақшаны иемденген. Жәбірленуші мобильді банкинг арқылы белгісіз есепшотқа ақша аударған.
Арнайы операция барысында Алматы қаласының криминалдық полициясының қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Қарағандының 31 және 27 жастағы екі тұрғынын ұстады. Тінту кезінде ер адамдардан бірнеше банктің төлем карталары табылды, – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Сондай-ақ Қарағандыда ұсталғандардың тұрғылықты жерінен бірнеше төлем карточкалары табылды.
Бұған дейін Қарағанды полицейлері бөтен банк карталарын да пайдаланып, несие ретінде берілген ақшаны алмақ болған азаматтарды ұстаған болатын.
Тергеу барысында ұсталған азаматтан шамамен 9 миллион теңге мен түрлі банктердің жеті төлем картасы, ұялы телефондар, флеш және сим-карталар, сондай-а интернет-роутерлер тәркіленді. Келтірілген шығын шамамен 40 миллион теңгені құрайды, – дейді полицейлер.
Барлық фактілер бойынша ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істер тіркеліп, соттың санкциясымен барлық күдіктілер қамауға алынды. Құқық қорғау органдары олардың Қазақстандағы осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырғандардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.