00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл мүгедектігі бар қанша адам емделуден өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл мүгедектігі бар қанша адам емделуден өтті
ашық дереккөз

Мүгедектігі бар адамдар негізгі аурулардың профилактикасы мақсатында медициналық көрсетілімдерді ескере отырып, оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жыл сайын санаторлық-курорттық емделуден өтеді. 

Былтырдан бастап санаторлық-курорттық емделуге өтінімдер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы рәсімделеді. Енді мүгедектігі бар адамдар жеке қажеттіліктерді, жағдайларды, қолжетімділікті, сауықтыру рәсімдерінің көлемдерін және т.б. ескере отырып, порталда тіркелген, олар үшін ыңғайлы кез келген санаторийді өз бетінше таңдау мүмкіндігіне ие болады.

Бүгінгі күні өңірлердің комиссиялары порталға 93 санаторлық-курорттық ұйымды жіберді. Олардың қатарында «Щучинский» шипажайы» АҚ (Ақмола облысы), «Жетісу» шипажайы» ЖШС (Түркістан облысы), «Минералды су» шипажайы» ЖШС (Шымкент қаласы), З. Бейсеков атындағы «Қазақ соқырлар қоғамының «Спутник» демалыс үйі» ЖШС (Алматы облысы), «Сосновый бор» шипажайы» ЖШС (Қостанай облысы), «Солнечный» балалар санаторийі» мемлекеттік емес медициналық мекемесі (СҚО) және басқалары бар.