00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда тұрғындары 5 маусымда болатын референдумға бара ма (САУАЛНАМА)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда тұрғындары 5 маусымда болатын референдумға бара ма (САУАЛНАМА)
ашық дереккөз

Елорда тұрғындарының референдумға қатысты пікірлерін ұсынамыз:

Мен 5 маусым күні болатын референдумға барамын. Дауыс беруді  әр азаматтың парызы деп санаймын. Мемлекет үшін, халық үшін саяси жүйеге өзгеріс енгізуге өз үлесін қосады, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұрбибі Қабдыл.

Мен міндетті түрде барамын. Әр қазақстандық баруы тиіс деп санаймын. Барлығымыз бірге дамимыз, елімізді көркейтеміз. Оның барлығы әрқайсымыздың дауысымызға байланысты болмақ, - дейді елордалық тұрғын Эльвира Шәріпқызы. 

Референдумға қатысып, өз дауысымды беру – менің құқығым. Мемлекет өмірі үшін болатын оң өзгерістерге өз үлесімді қосуға тиіспін, - дейді тағы бір қала тұрғыны Серік Жолдасбеков.

Дауыс беруді өзімнің азаматтық парызым деп санағандықтан, мен референдумға барамын, - дейді астаналық Әсет Кәрім.

Референдумға міндетті түрде барамын. Конституциямызға өзгерістер енгізуді халықпен бірге шешу өте дұрыс қадам деп санаймын, - дейді елорда тұрғыны Қайыржан Ахметқан.

Үлкен өзерістер болатынына сенгендіктен баратын шығармын, - дейді Ернар Соқабаев.

 Мен барамын. Еліміз үшін таңдау жасап, дауыс бермекпін, - дейді қала тұрғыны Дәулет Қанафин.

 Мен міндетті түрде барамын. Өйткені бұл – өте жауапты сәт. Еліміз үшін қуатты қоғам құруда маңызды шешім қабылданбақ, - дейді елордалық Әсем Хамитова.

Референдумға барамын. Президентімізді, халық үшін жасап жатқан оның жаңа бастамаларын қолдаймын. Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр, - дейді тағы бір астана тұрғыны Әсем Халықова.