00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңа Қазақстанда өтетін референдум барлық өңірге өзгеріс әкеледі – Ринат Кертаев

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңа Қазақстанда өтетін референдум барлық өңірге өзгеріс әкеледі – Ринат Кертаев
ашық дереккөз

Кездесуге Амаnат партиясының хатшысы Ринат Кертаевпен қатар филармония директоры, қалалық мәслихат депутаты Ерлан Дәкенов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаты Ләззат Разбекова-Төлеуханова, қалалық штаб мүшелері Қанат Естек пен Мәлік Хасенов, өңірлік партия филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов қатысты. Ринат Кертаев өнер иелерінің халық арасында жиі жүретінін, сондықтан алғашқы кездесулердің бірі Мемлекеттік академиялық филармония ұжымынан бастағанын тілге тиек етті. 

Жаңа Қазақстанда өткізілетін референдум барлық өңірге өзгеріс әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, билік пен халықтың арасында жаңа қоғамдық келісім қалыптаспақ. Біріншіден, реформа суперпрезиденттік басқару түрінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға ауысуды көздейді. Еліміздің саяси жүйесінде Парламенттің рөлін күшейту бойынша жүйелі әрі нақты жұмыстар жүргізілуде. Ұсынылып отырған өзгерістер биліктің заң шығарушы тармағының маңызды бөлігін қамтиды. Заң шығару процесінің тиімділігі айтарлықтай артады, – деді Р.Кертаев. 

Жиын еркін форматта ұйымдастырылғандықтан өнер иелері өз пікірлерін ортаға салып, референдумды қолдайтындарын жеткізді. 

Бұл референдум халық пен билік арасында алтын көпір болатынына сенемін. Біз балаларға тек домбыраны үйретіп қана қоймай, онымен бірге ұлттық тәрбиені, этиканы, эстетиканы, риториканы, логика мен музыканы бойына сіңіреміз. Осы бойынша «Әл-Фараби жолымен» деген арнайы концепсия да жаздым. Бірақ билік тарапы аса қызығушылық танытпады. Қазіргі жастар эстетиканың төмендігінен филармонияның концерттеріне емес, жеңіл шоуларға құмар. Осы мәселені ескерсеңіздер, – деді дирижер, мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов. 

Ал белгілі әнші Алтынай Жорабаева бұған дейін де, бұдан кейін де Амаnат партиясымен бірге болатынын айтып, Президенттің бастамасына қолдау білдірді. Оның айтуынша, телеарналарда зияткерлік, танымдық бағдарламаларды көбейту керек. Ал сахнаға шығатын әрбір әнші бұрынғыдай көркемдік кеңестің сүзгісінен өтіп, тек жанды дауыста ән айтса өнердің бәсі артады.  

Мәдениет саласы өкілдерінің барлық сұрағына нақты жауап берген Ринат Кертаев алдағы уақытта аталған мәселелерді Амаnат партиясы жанындағы «Miras» кеңесінің қарауына ұсынатынын жеткізді.