00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

14,3 мың адам skills.enbek.kz платформасында оқытылды – Еңбек министрлігі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
14,3 мың адам skills.enbek.kz платформасында оқытылды – Еңбек министрлігі
ашық дереккөз

Оқудан өткен 8,7 мың жұмыссыз азаматтың 3 мыңға жуығы – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарынан келген жастар.

Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыт бойынша 117 курс жариялады, оның 63-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең көп сұранысқа ие курстар – «Управление персоналом», «Сүтті ірі қара өсіру», «Кассир», «Выращивание клубники от А до Я» және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы».

Оқуға тікелей skills.enbek.kz сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілді, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды, білім беру процесіндегі өзінің прогресін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Бұл сертификат Электрондық еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көреді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 9 наурызынан бастап платформада қолданыстағы функционал оңтайландырылып, жаңа сервистер іске қосылды.

Атап айтқанда, курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы жасалды, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу мүмкіндігі пайда болды.