00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Орал қаласында ер адам полиция бекетін кірпішпен ұрғылады (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Орал қаласында ер адам полиция бекетін кірпішпен ұрғылады (ВИДЕО)
ашық дереккөз

Видеода қолына кірпішке ұқсас затты ұстаған ер адам даладағы полиция бекетінің терезесін ұрып жатыр. Оған біреу келіп, басу айтқаны көрінеді. Сол кезде бұзақы қолындағы тасын тастап, кетіп қалады. Полиция оны ұстады.

9 мамырда шамамен 9:30-да Д.Нұрпейісова көшесінде 1978 жылы туған ер адам мас күйінде кірпішке ұқсас затпен стационарлық полиция бекетіне зақым келтірген. Осылайша, қоғамдық тәртіп пен жеке азаматтардың тыныштығын бұзған, - дейді тәртіп сақшылары.

Бұзағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша жауапқа тартылды. Оған сәйкес, 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерiнде айыппұл не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.