00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
ашық дереккөз

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының, БҰҰ еріктілерінің, "AmanZhol и K" және "Каспий" қоғамдық қорларының қолдауымен мүгедек адамдарды кәсіби оңалту қалалық орталығы ұйымдастырды.

Оны өткізудің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу.

25 жұмыс беруші әртүрлі қызмет түрлері бойынша 60-тан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге мүгедектігі бар 100-ден астам адам қатысты. Олардың әрқайсысына жұмыс іздеу, сондай-ақ кәсіби оңалту бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетілді. Сонымен қатар, келушілер зейнетақымен қамсыздандыру, кәсіптік бағдарлау, психологиялық, заң және медициналық-әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша кеңестер алды.

Бос орындар жәрмеңкесі жұмысының алдын ала нәтижелері бойынша 30-ға жуық адам әлеуетті жұмыс берушілерге қайта әңгімелесуге, тағы бесеуі тағылымдамаға шақырылды.

Жәрмеңкеге бірінші келген ізденушілерге сыйлықтар берілді.