00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қаңтар қасіреті: Сотқа 288 қылмыстық іс жолданды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қаңтар қасіреті: Сотқа 288 қылмыстық іс жолданды
ашық дереккөз

Ол бойынша 275 адам сотталды, оның ішінде 22 адам бас бостандығынан айыруға, қалғандарына бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған қаңтар оқиғаларының бір қатысушысына қатысты тергеу аяқталды. 5 қаңтарда Қызылорда қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ол және оның сыбайластары Ұлттық ұланның Камаз жүргізушісін қатыгездікпен ұрып-соққан. Содан кейін күдікті әскери техниканы айдап кетіп, қозғалтқыш педалына кірпіш қойып, машинаны әскерилердің қоршауына бағыттап, қылмыскердің өзі Камаз кабинасынан секіріп кеткен. Автомашина үлкен жылдамдықпен әскерилерді басып, нәтижесінде солдат М. Қайсаров қаза тапты. Күдіктінің әрекеті терроризм актісін жасау бойынша сараланды. М. Қайсаров отбасындағы жалғыз бала болған, осы жылы ол 20 жасқа толар еді, - деді Бас прокуратура өкілі.