00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полиция Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты пікір білдірді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полиция Асанәлі Әшімовтің көлігіне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөз

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: ”Бұл шал құтырайын деген екен”: Асанәлі Әшімовтің көлігі желіде жұртты шулатты (ВИДЕО)

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу белгісі стандартқа сәйкес болмағандықтан «Cadillac» автокөлігін тоқтатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Тоқтату барысында кеңестік және қазақстандық кино, театр актері, режиссер Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына байланысты деректі фильм түсіріліп жатқаны белгілі болды. Ескерту жасалғаннан кейін автокөлікке сол жерде тиісті мемлекеттік нөмірі тағылды, - деп мәлім етті департаменттен.