Президент Іс басқармасының қызметкерлері де сенбілікке шықты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазақстан Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы мен ведомстволық мекемелердің қызметкерлері де республикалық экологиялық акцияны қолдады. Сенбілікте барлық нысанда қысқы кезеңнен кейінгі абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілді.
Бұл туралы ведомствоның facebook-парақшасында жазылды.
Қоршаған ортаның көркеюі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын жалпы республикалық сенбілікке 600 ге жуық қызметкер қатысып, саниятариялық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Адам денсаулығының айнымас бір бөлігіне айналған табиғат тазалығын қалыптастыруға бағытталған бұл іс-шараларға қызметкерелер алдағы уақытта да атсалысып, акциялар өз жалғасын табатын болады, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады