Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты жаңа мәліметтер жариялады
Алматыда 25 наурызда «Ш» есімді азамат қамауға алынды, ол қаңтар оқиғасы кезінде «АННА» қару дүкенінен винтовканы жымқырып, әуежайға, Полиция департаментіне және Алматы қаласы Алмалы аудандық Полиция басқармасына шабуыл жасаған.
Құқық қорғау органдары «Н» есімді азаматты анықтады. Ол 5 қаңтарда адамдар тобымен «Казаэронавигация» ғимаратын басып алды және Алматы әуежайының ұшу-қону жолағының жарықтандыруын өшірді. Арнайы прокурорлар 4 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғынын ұстады. Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландыру және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен Полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастарды және «Молотов коктейльдерін» жеткізуді ұйымдастыру күдігі бойынша «С» есімді азамат ұсталды, - деді Е.Қилымжанов.
Сондай-ақ Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы анықталды, бейнежазбалар арқылы 12-і арандатушыны анықтауға қол жеткізілді.
Жамбыл облысында 18-і мен 31 наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Бұл өңірдің ұйымдасқан қылмыстық топтың екі лидері қамауға алынды.