Қасым-Жомарт Тоқаев Шәмшә Беркімбаеваның туыстарына көңіл айтты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Шәмшә Көпбайқызы еңбек жолын қатардағы ұстаздықтан бастап, өзінің іскерлігі мен қабілетінің арқасында мемлекеттік қызметтің сан түрлі саласында абыроймен еңбек етті. Министр кезінде білім мен ғылым көшін алға жылжытып, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруда мол үлес қосты. Депутат болған тұста отандық заңнаманы жетілдіруге атсалысты. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының ректорлық қызметін атқарған жылдары талай шәкірт тәрбиелеп, дарынды мамандарға бағдар көрсете білді, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.
Президент кең пейілімен айнала-төңірегінің шынайы құрметіне бөленген Шәмшә Көпбайқызының жарқын бейнесі ұмытылмайтынын атап өткен.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады