Сенат төрағасы: Елдегі су тасқынына билік тағы да дайын емес
Orda.kz жазғандай, БҚО, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды облыстары еріген қар суының астында қалған.
Сонымен бірге, табиғи төтенше жағдайлардың алдын алуға емес, зардаптарын жоюға баса назар аударылуда. Осыны ескере отырып, біз үкіметтен табиғи төтенше жағдайларды, соның ішінде су тасқынын жоюға ғана емес, олардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық, заңнамалық және кешенді сипаттағы жүйелі шараларды белгілеуді сұраймыз, – деді сенатор.
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев депутатты қолдап, облыс әкімдіктерінің стихиялық жағдайға төтеп бере алмайтынын нақтылады.
Бүгінгі таңда бірқатар облыс су тасқыны, су тасқынының зардаптарымен бетпе-бет келіп отыр, бұл мәселені депутаттар мен жұртшылық жыл сайын көтергенімен, жергілікті атқарушы органдар, министрліктер бұл жағдайға тағы да дайын емес деген пікір бар. Сондықтан мәселе өте дұрыс көтеріліп жатыр деп ойлаймын, – деді Әшімбаев.
Сенаттың келесі отырысына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді шақыру тапсырылды. Сондай-ақ шараға проблемалы өңірлердің басшылары да тартылуы керек.