5 адамды атып өлтірген Дужнов Донбастағы соғысқа қатысқанын мойындады
Stan.kz-тің жазуынша, Игорь Дужнов шекараны заңсыз кесіп өтпек болғанын мойындаған. Алайда соңғы сәтте бұл ойынан айнып қалған.
Мен әйеліме жазба қалдырдым. Донбассқа кететінім туралы ешкімге ескерткен жоқпын, - деді ол сот барысында.
Сонымен қатар Дужнов өзінің жасақ құрамына қалай қабылданғанын да айтып берді.
Оқи отырыңыз: Игорь Дужновтың қамауға алу мерзімі ұзартылды
Сол күні соғыс алаңынан келгендермен таныстым. Краснодон қаласының түбінде танк, ұшақ және артиллерия жүйесі қолданылған атыс жүріп жатты. Сол кезде жасақтардың бірінде қызмет еткен Новосибирск қаласынан келген ерікті мерт болды. Мені жасаққа және азық-түлік жабдықталымына қабылдады, - деп түсіндірді Дужнов.
Тағы оқыңыз: 5 адамды өлтірген алматылық атқыштың ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Дужнов Донбасста «фашизммен күрескенін» айтады. Өз «борышын» атқарған соң елге қайтып оралған. Сонымен қатар ол Украинада өзіне «жоғары лауазымды ұсынғанын» да жасырмады.
Айта кетейік, Игорь Дужнов 2021 жылы 20 қыркүйекте Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 5 адамды атып өлтірген еді. Кейін 54 жастағы ер адамның қолынан сот үкімін орындауға келген қызметкерлердің ажал құшқаны анықталды.